Щучинскіде алапат жарылыс: Центр плова иесі ұсталып, қылмыстық іс қозғалды

03.03.2026

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Щучинск қаласындағы “Центр плова дәмханасындағы алапат газ жарылысының салдарынан  болған өрт фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігі – «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соғу» дерегімен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Ақмола облыстық прокуратурасынң мәліметінше, қылмыстық іс арнайы прокурорлардың өндірісіне алынған. 

"Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды", - дейді Ақмола облыстық прокуратурасының ресми өкілі Меруерт Байболова.

Бүгін төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тағы бір азаматтың көз жұмғаны белгілі болғанын хабарлағанбыз. Ол Щучинск қалалық ауруханасында ем қабылдап жатқан. Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның жүрегі бірнеше рет тоқтаған. Соңғы рет медицина қызметкерлері 40 минут бойы реанимациялық шаралар жүргізгенімен, өкінішке қарай ауыр жапа шеккен азаматты аман алып қалу мүмкін болмаған. Сонымен қатар тағы бір әйел адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті жалғастырып жатыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью