Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов ведомствоаралық комиссия құруды бұйырды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Комиссия құрамына ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Энергетика министрлігі, Өнеркәсіп министрлігі, Әділет министрлігі, Сауда министрлігінің басшылары, сондай-ақ Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері кірді.
«Оларға болған оқиғаның себептерін толық және объективті зерттеу, сонымен қатар алдағы уақытта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін тиісті шаралар дайындау тапсырылды», — деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Еске сала кетейік, тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмханада газ жарылған болатын. Салдарынан жеті адам қаза тауып, 28 адам зардап шекті.