Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Тергеу барысында 3 наурыз күні дәмхана иесі ұсталған. Кейін 20 сәуірде автогаз құю станциясының директоры мен газ баллондарын жеткізуші де қамауға алынды. Олар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамады және қызмет көрсету барысында заң талаптарын бұзды деген күдікке ілінген.
Қазіргі уақытта күдіктілердің екеуі қамауда отыр, ал үшінші тұлға үйқамаққа алынған.
Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу толық аяқталып, тараптар іс материалдарымен танысу кезеңіне өткен.
Еске салсақ, Щучинск қаласындағы «Палау орталығында» газ жарылып, артынша өрт шыққан болатын. Қайғылы оқиға 27 ақпанға қараған түні болып, салдарынан 12 адам қаза тапты.
Қазір іс бойынша барлық қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Материалдар жақын арада сотқа жолданады.