Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АЛМАТЫ, 27 ақпан - Sputnik. Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқан 7 адамның 6-уы дәмхана қызметкері, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.
Соңғы мәліметке сәйкес, қайтыс болғандардың арасында дәмхана қызметкерінің 16 жастағы қызы да бар. Анасы сол дәмханада жұмыс істеген.
Облыс бойынша төтенше жағдайлар департаменті өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және тергеу басталғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, Щучинск қаласында дәмханада жарылыс болып, 7 адам қаза болды. Тағы 21 адам жарақат алды.