Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жедел штабтың көшпелі отырысын өткізді.
Аймақ басшысы Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы ағымдағы жағдайды жедел штаб мүшелерімен талқылады.
"Азаматтардың қауіпсіздігі сөзсіз басымдық болып қалуы тиіс. Осы бағытта қосымша ұйымдастырушылық және алдын алу шаралары қабылданады. Біз зардап шеккен отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетеміз", – деді Марат Ахметжанов.
Облыс әкімі зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді, медициналық көмектің уақытылы көрсетілуін және жедел жәрдем бригадаларының тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыруды, сондай-ақ оқиға себептерін объективті тергеуді, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды және қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Айта кетейік, қаза болған 6 адамның отбасына 2 млн теңге көлемінде біржолғы төлемдер берілді. Қаза тапқандардың отбасыларына дәмхана иесі қосымша 2 миллион теңгеден төледі. Өмірлік қиын жағдайға тап болған 5 отбасының несиелері демеушілік қаражат есебінен өтелетін болады. Сондай-ақ заңнамаға сәйкес әлеуметтік төлемдер тағайындалды.
Еске салайық, газ-ауа қоспасының жарылысы "Центр плова" кафесінде өртке әкелді. 28 адам зардап шекті, 5 адам оқиға орнында қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген кезде көз жұмды. 13 адам медициналық көмек алып жатыр.