Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, артынша өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушылардың мәліметінше, оқиға туралы хабар түскеннен кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минут ішінде жеткен. Ғимараттан сегіз газ баллоны шығарылып, 10-нан астам адам құтқарылды.
Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шегіп, жеті адам қаза тапқан. Өрт толықтай сөндірілді, қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, облыс әкімінің орынбасары бар. Сондай-ақ өрт сөндіру бөлімдері, құтқару топтары, медицина қызметкерлері, полиция және газ-техникалық инспекция жұмылдырылған. Санитарлық авиация мен ТЖМ-нің реанимобильдері дайындық режиміне қойылды.
Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Пікір • Бүгін, 08:58
Сот төрелігіне сенім артып келеді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55
Саяси жүйені неғұрлым икемді ету ұсынылды
Пікір • Бүгін, 08:52
Көлеңкелі көлік импортына шектеу бола ма?
Экономика • Бүгін, 08:50
Білім саласын жетілдірудің басымдықтары белгіленді
Саясат • Бүгін, 08:48
Көмір генерациясы энергетикалық қуатты күшейтеді
Экономика • Бүгін, 08:45
Бюджет-салық саясатының жаңа бағдары
Саясат • Бүгін, 08:43
Өндіріс • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:38
Батырмасыз басқарылатын «Black Swan»
Digital • Бүгін, 08:33
«Күншығыс» баспасынан шыққан кітаптар
Басылым • Бүгін, 08:30
Білім • Бүгін, 08:28
Зерде • Бүгін, 08:25
Тұрфандағы... «Астана»: Қадымнан бүгінге жеткен атаудың мәні
Таным • Бүгін, 08:22