Шулы депутат Ерғали Аманбаев атышулы қылмыстық іс бойынша қамауға алынды

28.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Түркістан облысында Қытай азаматшасына қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасалуы мүмкін деген арыздан кейін соталды тергеу басталды. Оқиға ортасында Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаевтың аты аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін бұл ақпарат желіде тараған болатын. Түркістан облыстық Полиция департаменті редакцияға күдіктінің анықталып, қамауға алынғанын хабарлады.

"Аталған факт бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті, Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Желіде жарияланған бейресми деректерге сүйенсек, полицияға Алматы қаласының тұрғыны жүгінген. Ол Байжансай ауылына қорғасын-мырыш кенін өндіруге инвестиция салу мүмкіндігіне қызығушылық танытқан төрт Қытай азаматымен бірге келгенін айтқан.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, қонақтарды депутат Ерғали Аманбаев күтіп алып, еріп жүрген. Кейін ол Қытайдан келген 34 жастағы әйелді адам айяғы баспайтын жерге апарып, оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен делінеді.

Полиция тергеудің басқа мән-жайын ашпады.

Аманбаев туралы не белгілі?

Ерғали Аманбаев - Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты. Мәслихат деректеріне сәйкес, ол сонымен қатар "Қарабатыр" ЖШС-н басқарады.

Бұған дейін Аманбаев Шымкентте жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін полицияның назарына іліккен болатын. Әлеуметтік желілерде жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, өзге де қауіпті маневрлер жасаған Lexus автокөлігінің видеосы пайда болған еді.

Полиция көлікті депутаттың басқарғанын анықтады. Ол бірнеше құқық бұзушылық, соның ішінде қарсы бағытқа шығу, жалған мемлекеттік нөмір тағу, сақтандырудың болмауы және қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы толығырақ бұған дейін жазған болатынбыз.

Сот Аманбаевты төрт тәулікке қамауға алып, бір жылға жүргізуші куәлігінен айырды. Даудан кейін "Amanat" партиясының аудандық филиалы оған сөгіс жариялады.

Кейінірек аудандық мәслихат депутаттары жол ережесін бұзу депутаттық этиканы бұзуға жатпайды деген қорытындыға келді. Аманбаевқа ескерту жасалды.

Конституция және Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, адамның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденгенше ол кінәсіз деп есептеледі.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью