Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Бастама елдегі жағдайдың өзгеруімен байланысты: кейбір аймақтарда жұмыссыздық жоғары болса, енді бірінде жұмыс күші жетіспейді. Бұрын жұмыс іздегендер солтүстіктен оңтүстікке қоныс аударса, қазіргі таңда жаңа индустрияландыру нәтижесінде керісінше, солтүстік өңірлерде кадр тапшылығы байқалады.
Мысалы, Норрботтен аймағында жұмыссыздық деңгейі 3,8% болса, Сконе өңірінде бұл көрсеткіш 8,8%-ға жеткен.
Еңбек министрі Йохан Бритц халықтың мобильділігін арттыру қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, көптеген азамат басқа өңірдегі жұмысқа көшу шығындарына байланысты бара алмайды. Жаңа жәрдемақы жалпы сипатта болады және тек солтүстікке көшуге ғана бағытталмайды.
Алайда сарапшылар бұл шараның тиімділігіне күмән келтіреді. Уппсала университеті зерттеушілерінің пікірінше, адамдардың көбі қаржылай қолдаусыз-ақ қоныс аударады, сондықтан мұндай бағдарламаларды нақты мақсатты түрде жүзеге асыру қиын.
Қазіргі таңда үкімет Жұмыспен қамту қызметіне тиімді модель әзірлеуді тапсырды. Нақты ұсыныстарды келесі жылдың басында ұсыну жоспарланып отыр.
Айта кетелік Швецияда азық түлік пен жанармай қымбаттап жатыр.