Швецияда қатты дауылдан екі адам опат болды

28.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Солтүстік Еуропа елдері «Йоханнес» қысқы дауылымен бетпе-бет келді. Салдарынан Швецияда екі адам опат болды.

Оның біріне Кунгсбергет тау-шаңғы курортының маңында ағаш құлаған. 50 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды. Ал екіншісі – коммуналды компанияның қызметкері. Ол жұмыс барысында қаза болды. Швецияның метеорологиялық және гидрологиялық институты елдің солтүстік бөлігінде қатты жел соғатынын ескертті. 40 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью