Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бірінші таймда командалар есеп аша алмады. Алайда үзілістен кейін швейцариялықтар алға шықты. 46-минутта Рубен Варгас мергендік танытса, 57-минутта Йохан Манзамби есепті еселеп, Канаданың жағдайын қиындата түсті.
Канада құрамасы матч соңына қарай есеп айырмасын қысқартты. 76-минутта Промис Дэвид гол соққанымен, команда таразы басын теңестіре алмады.
Жеңіліске қарамастан, Канада В тобында екінші орнын сақтап қалды. Команда төрт ұпай жинады. Бұл көрсеткіш Босния және Герцеговина құрамасымен бірдей болғанымен, доп айырмасы бойынша канадалықтар жоғары тұр.
Швейцария топтық кезеңді жеті ұпаймен бірінші орында аяқтады. Канада екінші орын алды. Катарды жеңген Босния және Герцеговина үшінші орынға жайғасса, бір ұпаймен Катар соңғы орында қалды.
Осылайша, Швейцария мен Канада плей-офф кезеңіне тікелей жолдама алды. Ал Босния және Герцеговина құрамасы үшінші орын иегері ретінде 1/16 финалға шығу мүмкіндігін анықтау үшін басқа топтардың нәтижелерін күтеді.