Швейцария көлінен 2000 жыл бұрынғы кеменің жүгi табылды

13.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Болжам бойынша, олар римдік лагерьлердің біріне жеткізілуі тиіс болған, алайда жүк тасымалдаған кеме апатқа ұшыраған.

Суасты археологтары Невшатель көлі түбінен Рим империясы кезеңіне тиесілі мыңнан астам керамикалық зат пен қару-жарақ тапқан. Бұл римдік кемелердің бірінің жүгі болуы мүмкін.

Алғашында археологтар Фабьен Лангенеггер мен Жюльен Пфиффер бұл маңызды олжаны тоналудан қорғау үшін құпия сақтаған.

Фото: euronews

Жюльен Пфиффердің айтуынша, олар алғашында бұл үйінді Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған миналар болуы мүмкін деп ойлаған. Алайда жарық түсіргенде терракотаға тән түс байқалып, сынған ыдыстарды көргенде бұл ерекше жаңалық екенін түсінген.

Ғалымдардың болжамынша, жүк тиеген кеме б.з. 20–50 жылдары аралығында суға кеткен. Қазір мамандар керамикалық ыдыстардан табылған тағам қалдықтарын зерттеп жатыр.

Бұл олжа 2024 жылдың қараша айының соңында табылғанымен, мародерліктің алдын алу үшін ұзақ уақыт құпия сақталған.

Фото: euronews

Зерттеуге дрон арқылы түсірілген бейнелер түрткі болған: соңғы жылдары мөлдіреген көл суынан қара дақ байқалып, ғалымдар оның түбінде батып кеткен кеме болуы мүмкін деп болжаған. Зерттеу жұмыстары 2025 жылы екі апта, ал 2026 жылы шамамен бір айға созылды. Octopus қорының суасты археологтары 1000-нан астам зат тапты.

Зерттеушілердің пікірінше, бұл Швейцарияда жасалған ас үй ыдыстарын римдік лагерьге жеткізуге арналған жүк кемесі болған. Табылған жәшіктердің бірі б.з. 17 жылға тиесілі.

Фото: euronews

Кеменің қалдықтары әзірге табылған жоқ. Бұған дейін римдік кемелер Рейн өзені мен Рона өзенінен табылған.

Сонымен қатар легионерлерге тиесілі жабдықтар — екі гладиатор қылышы, қанжар, белдік ілгегі мен фибула табылған. Бұл кемені легионерлер күзетіп жүргенін көрсетеді. Табылған заттардың санына қарағанда, жүк шамамен 6 мың адамдық легионға арналған болуы мүмкін.

Сондай-ақ көл түбінен өрілген себет табылған. Археологтардың айтуынша, ол керемет түрде сақталып, ішінде басқа жүктен ерекшеленетін алты керамикалық бұйым болған. Бұл теңізшілердің қарапайым ыдыстары мен азығы болуы мүмкін.

Фото: euronews

Археологтар су астынан барлық артефактіні, мыңнан астам затты шығарып алған. Олар тор немесе мародерлер салдарынан зақымдану қаупінде болған. Қазір бұл заттар құрлықта тазартылып, қалпына келтіріліп жатыр.

Фото: euronews

Зерттеу тобы 2027 жылы кітап пен деректі фильм шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар табылған олжалар Laténium археологиялық музейінда қойылады. Көрменің нақты күні әзірге белгісіз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью