Швейцария Колумбияны пенальтиде жеңіп, ширек финалға шықты

08.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: Getty Images Sport

Канаданың Ванкувер қаласында өткен кездесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаз матчтан кейінгі пенальти сериясында анықталып, швейцариялықтар 4:3 есебімен басым түсті.

Пенальти сериясында Швейцария сапынан Гранит Джака, Зеки Амдуни, Седрик Иттен және Рубен Варгас өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланды. Ал Мануэль Аканджидің добы қақпа бағанынан жоғары ұшты.

Испания қатарынан алты матчта гол жібермеген алғашқы команда атанды

Колумбия құрамасында Хуан Кинтеро, Хаминтон Кампас және Луис Диас пенальтиді дәл орындады. Давинсон Санчестің добы қақпа бағанасына тиіп қайтса, Кучо Эрнандестің соққысын Швейцария қақпашысы Грегор Кобель қайтарып үлгерді.

Айта кетейік, Колумбияның 37 жастағы қақпашысы Камило Варгас турнир барысында жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ол бес матчта бір ғана гол жіберіп алды. Варгас топтық кезеңде Конгоға қарсы (1:0), Португалиямен (0:0) және 1/16 финалда Ганамен (1:0) өткен кездесулерде қақпасына гол өткізбеді. Қақпашыға турнирдегі жалғыз голды топтық кезеңнің алғашқы турында Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Аббосбек Файзуллаев соққан болатын.

Испаниядан жеңілген Португалия құрамасының бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді

Осылайша, Швейцария құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Египетті жеңген Аргентинамен кездеседі.

Еске сала кетейік, 1/8 финалдағы соңғы жұптық ойында Аргентина құрамасы Мысырдан 3:2 есебімен басым түскен болатын. Египет құрамасынан алғашқы голды ойынның 15-ші минутында Хессем Хассан соқты. Екінші таймның 67-ші минутында Мостафа Зико есепті еселеді.

Алайда Аргентина есепті теңестіріп қана қоймай, кэмбек жасап кетті. Құрама сапынан Кристиан Ромеро, Лионель Месси және Энцо Фернандес гол соқты. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью