Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Бастамаға сәйкес, егер халық саны 9,5 миллионға жетсе, билік босқындарға баспана беру шарттарын шектеп, Еуропалық одақпен жасалған келісімдерді, соның ішінде Шенген аймағына қатысу мәселесін қайта қарауы мүмкін.
Бастама авторлары халық санының артуы инфрақұрылымға салмақ түсіріп, тұрғын үй тапшылығын күшейтіп отырғанын айтады. Сауалнамаларға сәйкес, ұсынысты респонденттердің 52 пайызы қолдап отыр.
Ал үкімет пен бизнес өкілдері мұндай шешім экономикаға кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті. Өйткені Швейцария медицина, IT, құрылыс және өнеркәсіп салаларында шетелдік мамандарға тәуелді.
Еске сала кетейік, 6 мамырда Swiss International Air Lines әуе компаниясына тиесілі ұшақ Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды. Ұшақ Сеулден Цюрихке бет алған.