Швейцарияда Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің алғашқы күні өзара қоқан лоқымен аяқталды

22.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Швейцарияда Қатар мен Пәкістанның араағайындығымен Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің алғашқы күні аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Швейцарияда Қатар мен Пәкістанның араағайындығымен Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің алғашқы күні аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Телеарна материалда ирандық БАҚ мәліметтеріне сілтеме жасайды. Олардың дерегінше, кезекті кезең бір жарым сағаттан аз уақытқа созылып, тараптар "ішкі консультациялар өткізу" үшін үзіліс жасаған.

Кездесуге АҚШ тарапынан вице-президент Джей Ди Вэнс, президенттің арнайы өкілі Стив Уиткофф және Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер қатысты. Тегеранның атынан парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф пен Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи келді.

Тараптардың Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу бойынша түпкілікті құжатты әзірлеуіне барлығы 60 күн берілген - мұндай мерзім бейсенбіде қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілген.

Екі тараптың мәлімдемесіне сүйенсек, келіссөздердің басты тақырыбы әзірге Ливан болып қала береді.

"Ливандағы соғыс аяқталмайынша, түпкілікті келісім бойынша келіссөздер кезеңіне өту мүмкін емес", - деп мәлімдеді Иран СІМ өкілі Эсмаил Бакаи X әлеуметтік желісінде.

Тегеран дәл осы Ливандағы соғыс қимылдарын тоқтатуды Ормуз бұғазын қайта ашудың негізгі шарты ретінде атап отыр.

Жұма күні Израиль мен Иран қолдайтын "Хезболла" қозғалысы оқ атуды тоқтатуды қайта бастауға уағдаласты, алайда сенбі күні таңертең Израиль соққылардың жаңа сериясын жасады. Еврей мемлекеті мұны Ливан тарапынан жасалған зымырандық шабуылға қайтарылған жауап деп мәлімдеді. Ал Иран Израильді меморандум тармақтарын бұзды деп айыптап, Ормуз бұғазын қайта жабатынын хабарлады.

Швейцариядағы келіссөздер басталғаннан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп, егер Тегеран "Хезболлаға" қысым көрсетпесе, Иранға соққы беруді қайта бастайтынын айтып сес көрсетті.

Иран делегациясының басшысы Мохаммад Багер Галибаф елдің қарулы күштері "жауап беруге дайын" екенін айтып қайтарды.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бірнеше сағат бұрын израильдік әскерлер Ливанның оңтүстігінде "қажет болғанша" қалатынын тағы да мәлімдеп, Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеуге уәде берді.

Иранның ядролық бағдарламасы - күн тәртібіндегі айқын тақырыптардың бірі, бірақ ирандық делегацияның мәлімдемесінше, әзірге бұл мәселе көтерілмей, негізгі назар Ливан мен Ормуз бұғазына аударылған.

Иран президенті Масуд Пезешкиан Тегеранның уранды байыту құқығынан бас тартпайтынын қадап айтты, сонымен бірге ол ядролық қару жасамайтыны туралы уәдені "жазбаша түрде бекітуді" ұсынды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью