Швейцариядағы өрт туралы жаңа дерек шықты

05.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Швейцариядағы Кран-Монтана тау шаңғысы курортындағы өрттен қаза тапқан барлық құрбандардың жеке басы анықталды.

Олардың басым бөлігі - Швейцария, Франция және Италия азаматтары. Қалғандары Сербия, Түркия, Польша, Португалия, Бельгия және Израильден келгені мәлім болды. Қаза тапқандардың жасы 14 пен 39 аралығында марқұмдардың 15-і кәмелет жасқа толмаған. Қазір бар иелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Екі адам абайсызда кісі өлтірді деп айыпталып отыр. Еске сала кетейік, Швейцариядағы тау шаңғысы курорты маңындағы бардан өрт Жаңа жыл түні шыққан. Қызыл жалын 40 адамның өмірін жалмады. Тағы 119 туристті күйік шалған. Билік бұл оқиғаны ел тарихындағы ең ауыр трагедиялардың бірі деп атады. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью