Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Әншінің баспасөз қызметінің жазуынша, аталған жоба өнер иесінің шығармашылығына деген құрмет ретінде Diffusion Team командасының бастамасымен жүзеге асырылды.
Жобаға қатысушылардың айтуынша, бейнежоба Димаш Құдайберген музыкасынан шабыттанған тыңдармандардың шынайы ықыласын, эмоциялық құлшынысы мен адалдығын бейнелейді.
"Жоба авторлары көру қабілетінен айрылған қыздың оқиғасына ерекше назар аударған. Қиындықтарға қарамастан, ол осы жазба жұмысқа белсенді түрде қатысқан",- делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, Diffusion Team командасы Латын Америкасындағы жанкүйерлер қауымдастығының музыкалық жобалары мен шығармашылық бастамаларын дамытуға арналған "Latam Voces de Amor" атты шығармашылық алаң құрды.
Бұған дейін Димаш Құдайберген марқұм Мұхтар Шахановпен түскен суретін жариялағанын жазғанбыз.