Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Өңір аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек және жойылып кету қаупі бар жануарлардың 57 түрі мекен етеді. Сирек кездесетін жануарлардың санын облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары есептеп шықты.
– Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында Қызыл кітапқа енген кей жануарлардың санын айтар болсақ, қар барысы - 11, дуадақ - 62, лашын - 88, бүркіт - 75. Облыс аумағының едәуір бөлігін, яғни 1,3 миллион гектардан астам жерін - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатыр. Мұндай аумақтар сирек әрі жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін сақтауға мүмкіндік беріп отыр, - деп хабарлады басқармадан.
Еске салсақ, осыған дейін Маңғыстауда соңғы төрт жылда 3 433 итбалық қырылғаны жайлы жазғанбыз.