Шығыс Қазақстан облысында 130 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырды

18.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

2025-2026 жылдардағы эпидемиялық маусымда, яғни 1 қазаннан бастап облыс бойынша 132 406 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны – 81 337, 1 жасқа дейінгі нәресте саны – 1 543.

– Тұмаудың зертханалық расталған 182 жағдайы тіркелді, оның барлығы Гонконг тұмауы деп аталатын A/H3N2 вирусы. Жұқтырғандардың 92-сі – 14 жасқа дейінгі балалар, - деді ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев.

Бұдан бөлек, облыста риновирус (73 жағдай), бокавирус (3 жағдай), аденовирус (35 жағдай) және коронавирус инфекциясы (6 жағдай) тіркелді.

Еске салсақ, осыған дейін Түркістан облысында ЖРВИ-мен сырқаттанғандар саны артқаны жайлы жазғанбыз. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью