Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Шығыс Қазақстанда қар барысына есім беріліп, спутниктік қарғыбау тағылды, деп хабарлайды Tengri Travel.
"Қатонқарағай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Қызыл кітапқа енген жануар ұсталды. Ұлттық парк пен Зоология институтының мамандары оған спутниктік қарғыбау тақты.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
"Оңтүстік Алтайда мұндай жұмыстар алғаш рет жүргізілді. Барысқа Алтай деген есім берілді", - деп атап өтті ұлттық парк.
Мамандар қарғыбаудың көмегімен оның қозғалысын, мекендейтін жерлерін бақылап отырады. Ұлттық парктегі барыстардың тыныс-тіршілігін бақылауға орманшылар биік тауларға орнатқан фототұзақтар көмектеседі. Сондай-ақ бұл кадрлар мамандарға Қазақстанның Қызыл кітабына енген осы жануарларды есепке алуға септігін тигізеді.
“Асқар тауларды еркін кезіп жүр“: аландарын ерткен қар барысы тағы да фототұзаққа түсіп қалды
Еске сала кетейік, Катонқарағай паркін мекендейтін қар барысы отбасы бір жыл ішінде фототұзаққа бірнеше рет түскен болатын. Осы жылдың маусым айында кадрға алғаш рет қыста байқалған марғаулар ілікті. Жаз мезгілінде олар айтарлықтай өсіп, анасының соңынан еріп тау ішінде нық қадаммен саяхаттап жүрді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
“Керемет көрінді“: Алматы тауларында туристердің алдынан қар барысы шыққан
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу