Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылады

24.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Шектеулер – ауа райының бұзылуына байланысты болып отыр. Бүгін сағат 13:30-да ШҚО-да 2 автожолда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, деп жазады Egemen.kz.

Фото: istockphoto.com

ҚазАвтоЖол мәліметінше, Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы жолының 1104-1191 шақырымы аралығы жабылады. Бұл жол бөлігі – Глубокое ауылынан Шемонаиха қаласына дейінгі жерді қамтиды.

Сонымен қатар, Өскемен-Риддер-РФ шекарасы жолының 15-105 шақырымы аралығы уақытша жабылады. Бұл –Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейінгі жер.

Аталған жол бөліктері 25 қарашада сағат 21:30-да ашылады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью