Шығыс Қазақстан облысында мотоциклмен аударылған ер адам қаза тапты

30.06.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында мотоциклмен аударылған ер адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлім етті.

Олардың мәліметінше, мотоциклді өскемендік азамат басқарған. 

- 51 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны «HUSQVARNA 901 NORDEN» маркалы мотоциклмен Алғабас ауылынан Тарғын ауылы бағытына қарай келе жатып, рөлді басқара алмай, аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (абайсызда адам өліміне әкеліп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью