Шығыс Қазақстан облысында заңсыз еңбек еткен шетелдіктер ұсталды

12.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

ШҚО-да заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 18 шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Polisia.kz. сілтеме жасап.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық  шарасы аясында көші-қон қызметінің қызметкерлері уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың олардың келуі туралы хабарламаларының болуын тексеріп жатыр. 

Өскемен қаласында жүргізілген рейдтік  шара барысында бір күнде еліміздің аумағында заңсыз жұмыс істеген 18 шетелдік азамат анықталды. Дәлірек айтсақ, 10 наурыз күні мекенжайлардың бірін тексеру кезінде полиция қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеген әрі уақытша тұруға рұқсаты жоқ көршілес мемлекеттің азаматтарын анықтады. Белгілі болғандай, олардың кейбірі бұған дейін де осындай құқықбұзушылығы үшін жауапкершілікке тартылған.

– Көші-қон заңнамасын қайталап бұзғаны үшін 7 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оларға ел аумағына бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды. Сонымен қатар жұмыс беруші де жауапкершілікке тартылып, мемлекет пайдасына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі, –  дейді ШҚО ПД Rөші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдік азаматтарға уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асыруға тыйым салынатынын ескертеді. 

Бұған дейін Қарағанды облысында көші-қон заңнамасын бұзған азаматтар анықталғанын жазған едік. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью