Шығыс Қазақстанда бірден 12 әкім жазаланды

12.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Шығыс Қазақстан облысында прокурорлар 15 рұқсат етілмеген қоқыс орнын анықтады. Тәртіпті бұзғаны үшін 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тексеріс "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында жүргізілді. ШҚО Глубокое ауданы прокуратурасының қызметкерлері спутниктік суреттерді талдап, аудан аумағына көзбен шолып тексеріс жүргізді.

Нәтижесінде 15 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін полиция 177 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Әкімдер не үшін жазаланды?

Лауазымды тұлғаларға қатысты жекелеген шаралар қабылданды. Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 12 ауылдық округ әкімі бақылауды тиісінше жүзеге асырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратураның мәліметінше, салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленді.

Еске сала кетейік, бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қазақстанда жолдардың сапасына дұрыс көңіл бөлмегені үшін аудандар мен ауылдардың 487 әкімі жазаланғанын айтқан болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью