Шығыс Қазақстанда бірнеше ауыл таратылды

15.10.2025

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Облыстық мәслихат Алтай және Шемонаиха аудандарында орналасқан бірқатар елді мекенді тарату туралы шешім қабылдады.

Алтай ауданында 3 ауыл, атап айтқанда Соловьев ауылдық округіне қарасты Ленинск, Малеев ауылдық округіндегі Ландман және Парыгин ауылдық округіндегі Кутиха ауылдары таратылды.

— Таратылған ауылдар енді іргелес елді мекендердің құрамына кірді. Ленинск — Подорлёнок ауылының, Ландман — Малеевск ауылының, ал Кутиха — Парыгино ауылының құрамына қосылды. Шемонаиха ауданында 2 елді мекен картадан жойылды. Заречное ауылы — Усть-Таловка кентінің құрамына енсе, Рулиха станциясы — Каменев ауылдық округіне қарасты ауыл құрамына қосылып отыр, — деп хабарлады мәслихаттан.

Еске салсақ, осыған дейін елімізде бір жылда ауылдардың саны 149-ға азайғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью