Шығыс Қазақстанда бірнеше күннен бері қар толассыз жауып тұр

27.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері өзен-көлдерді әуеден бақылап, деңгейін тексеруде.

«Әзірге қауіп жоқ, мұз шоғыры байқалмайды», - дейді мамандар. Құтқарушылар таулы аймақтағы ахуалды да назарда ұстап отыр.  Алтай, Қатонқарағай, Үлкен Нарын аудандарында бақылау күшейтілді. Өңірде көктемгі тасқынның алдын-алу шаралары жүріп жатыр. Былтырдан бері отыз шақты гидроқұрылғы мен бөгет жөнделіп, жүздеген шақырым арық тазаланды. Қар мөлшері көп болғандықтан, гидробекеттердегі мәлімет күн сайын жинақталып, зерттелуде. Облыс аумағында тасқын болу қауіпі жоғары 71 учаске бар.

Аяужан Кекиева, облыстық ТЖД басқармасының бас маманы:

- 49-гидропост бойынша мәлімет түсіп өңделеді. Әуеден барлау жұмыстары Бұқтырма өзенінде толық мұз қатпағанын көрсетті. Қазгидромет филиалының мәлімдемесі бойынша өзендерде мұздың қалыңдығы 25-30см.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью