Шығыс Қазақстанда дәрігерді қаралаған зейнеткер айыппұл арқалады

09.01.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 9 қаңтар - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында зейнеткер 500 мың теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды облыстық сот.

Тарбағатай тұрғыны 17 қазанда WhatsApp мессенджеріндегі топта аудандық бас дәрігердің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқан.

"Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындамады. Алайда оның кінәсі толық дәлелденді. Жәбірленушінің өкілі болған жағдайды растап, қатаң жазаға тартуды сұрады", - дейді сотта.

Айта кетейік, кінәлі тұрғынға әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігімен іс қозғалған.

Сот үкімімен зейнеткерге 495 432 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұл мөлшері оның зейнеткер екенін ескеріп, 30%-ке қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью