Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АЛМАТЫ, 26 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстанда мешіттерде ұрлық жасайтын әйел ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
"102" арнасына облыс орталығындағы мешіттердің бірінен құны 400 мың теңге тұратын "Asus" ноутбугінің жоғалғаны туралы хабарлама түсті.
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында тұрғылықты жері жоқ 37 жастағы күдікті ұсталды. Сонымен қатар оның басқа бір мешітте жасалған осындай қылмысқа қатысы бар екені анықталды", - дейді полиция.
Барлық жағдайда күдікті бірдей тәсілмен әрекет еткен: тегін тамақ алу сылтауымен мешітке кіріп, қызметтік бөлмелерден ұрлық жасаған. Кейіннен ноутбуктердің бірін сатып, түскен қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.