Шығыс Қазақстанда нәресте өлімі көбейді

01.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Облыстағы медицина саласының көрсеткіштерін ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан мәлім етті.

- Өңірде былтыр туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіштері 7,1%-ға, қан айналымы жүйесінің аурулары 3,8%-ға, қант диабеті 9,6%-ға төмендеді. Ал қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіштері 2,2%-ке артып отыр. Ең көп өсім Марқакөл (23,8%) және Ұлан аудандарында байқалып отыр, - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, нәресте өлімі 38%-ға көбейген. Күршім ауданында (53%) ең көп өсім тіркелді.

Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық 1,1%-ке өскені байқалады. Жыл көлемінде ана өлімі жағдайлары тіркелген жоқ.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда жаңа туған нәрестелерге арналған неонатология бөлімшесі ашылғаны хабарланған. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью