Шығыс Қазақстанда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған 90 ға жуық адам жауапқа тартылды

16.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жыл басынан бері 27 орман және 40-қа жуық дала өрті тіркелген. 

— Облыста өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың 290 адамынан тұратын 52 мобильді топ жұмыс істейді. Олар биыл 1828 рейд өткізіп, 88 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, — делінген ақпаратта.

Құтқарушылар халыққа 400 дөңгелек үстел, 532 жиналыс, 4700 нұсқаулық ұйымдастырған. Соның нәтижесінде 14 000-нан астам адам қамтылған.

— Шығыс Қазақстан аумағында биыл 12 тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Оған 836 адам, 307 техника және 1 өрт сөндіру пойызы тартылды. Табиғи өрттердің таралуына жол бермеу мақсатында 2068 шақырым минералданған жолақ жасалды. Төтенше жағдайларға уақтылы әрекет ету мақсатында әкімдіктер тарапынан 57 өрт бекеті жұмыс істеп тұр, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін «Алматы-Өскемен» тасжолында жүк көлігі өртенгені хабарланған. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью