Шығыс Қазақстанда Пихтовка өзені арқылы өтетін 175 метрлік көпір ашылды

30.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Пихтовка өзені арқылы салынған жаңа көпір пайдалануға беріліп, республикалық маңызы бар автожолдың 28 шақырымында қайта жаңғырту жұмыстарының негізгі кезеңі аяқталды, деп хабарлады Көлік министрлігі.

© Photo : Көлік министрлігіШығыс Қазақстанда Пихтовка өзені арқылы өтетін 175 метрлік көпір ашылды

Шығыс Қазақстанда Пихтовка өзені арқылы өтетін 175 метрлік көпір ашылды

© Photo : Көлік министрлігі

Жаңа жол Осинов асуының күрделі бұралаң бөлігін айналып өтуге мүмкіндік береді.

"Жаңа инженерлік нысан республикалық маңызы бар "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының бойында орналасқан. Пихтовка өзені арқылы өтетін көпірдің ұзындығы – 175 метр, ал тау шатқалындағы биіктігі 45 метрге дейін жетеді", - деп жазылған хабарламада.

Құрылым жеті аралық пен сегіз тіректен тұрады. Құрылысына 79 темірбетон конструкциясы пайдаланылған.

© Photo : Көлік министрлігіШығыс Қазақстанда Пихтовка өзені арқылы өтетін 175 метрлік көпір ашылды

Шығыс Қазақстанда Пихтовка өзені арқылы өтетін 175 метрлік көпір ашылды

© Photo : Көлік министрлігі

Қайта жаңғырту аясында 28 шақырым жолға жол негізінің төменгі және жоғарғы қабаттары, сондай-ақ асфальтбетон жамылғысының екі қабаты толық төселді. Жұмыс барысында 545 мың текше метр жер жұмысы және 603 мың текше метр бұрғылау-жару жұмысы атқарылды. Сонымен қатар екі көпір мен 38 су өткізу құбыры салынды. Олардың екеуі мал айдап өткізуге арналған.

© Photo : Көлік министрлігіШығыс Қазақстанда Пихтовка өзені арқылы өтетін 175 метрлік көпір ашылды

Шығыс Қазақстанда Пихтовка өзені арқылы өтетін 175 метрлік көпір ашылды

© Photo : Көлік министрлігі

"Жаңа жол Осинов асуының ең күрделі бөліктерін айналып өтуге мүмкіндік береді. Бұған дейін асудағы күрт бұрылыстар, ұзақ өрлер, қалың қар мен көктайғақ, әсіресе қыс мезгілінде көлік қозғалысын қиындататын", - дейді ведомство мамандары.

Жолдың жаңартылуы Алтай, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарына қатынауды жеңілдетіп, өңірдегі көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ бұл жоба ішкі туризмнің, кәсіпкерліктің және жүк тасымалының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

© Photo : Көлік министрлігіШығыс Қазақстанда Пихтовка өзені арқылы өтетін 175 метрлік көпір ашылды

1/3

© Photo : Көлік министрлігі

Шығыс Қазақстанда Пихтовка өзені арқылы өтетін 175 метрлік көпір ашылды

© Photo : Көлік министрлігіШығыс Қазақстанда Пихтовка өзені арқылы өтетін 175 метрлік көпір ашылды

2/3

3/3

Көпірдің ашылу салтанатына премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, көлік вице-министрі Дамир Қожахметов, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев және жол саласының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью