Шығыс Қазақстанда тұмау жұқтырғандар саны 8 есеге артты

23.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2025-2026 жылдардағы эпидемиялық маусымда өңірде ЖРВИ-ге 141 493 адам шалдыққан. 

Ауырғандардың 86 665-ы, яғни 61%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Жүкті әйелдер арасында 2 711 жағдай, бір жасқа дейінгі балалар арасында 1 724 жағдай тіркелді.

- Тұмаудың зертханалық расталған 182 жағдайы анықталды. Оның ішіндегі 14 жасқа дейінгі балалар саны – 39. 2024-2025 жылдардың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ көрсеткіші 4,6%-ға, ал тұмау 8 есеге артқан. Алайда сырқаттанушылық деңгейі көпжылдық статистикалық деректерге негізделген бақылау шегінен аспайды, - делінген ақпаратта. 

Ал коронавирус инфекциясының 2 жағдайы тіркелді. Осылайша, сырқаттанушылық 13 есеге төмендеп отыр. 

Еске салсақ, осыған дейін тұмаудың соңы өлім-жітімге соқтыруы мүмкін екендігі жайлы жазғанбыз

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью