Шығыс Қазақстанда Түрік қағанатының қалашығы табылды фото

08.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Түрік қағанатының қалашығы табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

© Photo : Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіҚазақстандық археологтар Түрік қағанатының қалашығын тапты

Қазақстандық археологтар Түрік қағанатының қалашығын тапты

© Photo : Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық экспедициясы Қалжыр қалашығының оңтүстік бөлігіндегі негізгі бекініс құрылыстарының қалдықтарын аршып, олардың едәуір бөлігі өрттен қирағанын анықтады.

© Photo : Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіҚазақстандық археологтар Түрік қағанатының қалашығын тапты

Қазақстандық археологтар Түрік қағанатының қалашығын тапты

© Photo : Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Археологтар ғимараттардың ішкі элементтерін – саз едендерді, өрнек іздері сақталған сылақтарды, сондай-ақ қамыс пен балшықтан жасалған құрылыс бөліктерін тапты. Жәдігерлер арасында күйген бидай мен бұршақ дәндері, қыш ыдыстар және ішінде сылдырмақ шаригі бар сирек кездесетін құс мүсіншесі бар.

© Photo : Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіҚазақстандық археологтар Түрік қағанатының қалашығын тапты

Қазақстандық археологтар Түрік қағанатының қалашығын тапты

© Photo : Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Радиокөміртектік талдау нәтижесіне сәйкес, нысан б.з. VI–VII ғасырларына жатады. Алдын ала болжам бойынша қалашық Бірінші Түрік қағанаты дәуірінде салынған.

© Photo : Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіҚазақстандық археологтар Түрік қағанатының қалашығын тапты

Қазақстандық археологтар Түрік қағанатының қалашығын тапты

© Photo : Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

"Зерттеу барысында соңғы қола дәуіріне жататын керексұр жерлеу құрылысы анықталды. Бұл олжа негізгі таралу аймағы Шыңжаң мен Моңғолия болған мұндай ескерткіштердің батыс шекарасы туралы ғылыми түсінікті кеңейте түседі", – дейді экспедиция жетекшісі Никита Константинов.

© Photo : Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіҚазақстандық археологтар Түрік қағанатының қалашығын тапты

Қазақстандық археологтар Түрік қағанатының қалашығын тапты

© Photo : Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Оның айтуынша, жиналған деректер өңірдің цифрлық модельдері мен геоақпараттық жүйесін әзірлеуге пайдаланылады.

© Photo : Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіҚазақстандық археологтар Түрік қағанатының қалашығын тапты

Қазақстандық археологтар Түрік қағанатының қалашығын тапты

© Photo : Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Экспедиция жұмысына Серікбаев атындағы ШҚТУ Археологиялық технологиялар және ғылым орталығы мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының мамандары да қатысты. Зерттеу жұмыстарына гранттық қаржы "Зайсан қазаншұңқырының археологиялық ландшафттары" жобасы аясында бөлінген.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью