Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АЛМАТЫ, 14 қазан - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына қарасты Бобровка ауылында үй өртенді.
Тілсіз жау салдарынан әйел мен екі бала қаза болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына дереу жеткен. Олар келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, шатыр құлаған.
"Өртті сөндіру барысында әйелдің және екі кәмелетке толмағандардың денелері табылды", - дейді өрт сөндірушілер.
Өрт 63 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.