Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірген 63 адам ұсталды: оның 13 і шетелдік азамат

30.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қылмыстық топ жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрып, онда көрсетілген қызметтің орнына заңсыз алтынды өндірумен айналысқан. Қазіргі кезде ұйымдастырушылар мен басшыларын қоса алғанда 63 адам, соның ішінде шет мемлекеттің 13 азаматы ұсталды.

"Тінту кезінде бірнеше автокөлік пен арнайы техника, ірі көлемдегі қаражат, оның ішінде 40 мың АҚШ долларынан астам қаржы, құрамында алтыны бар шикізат пен алтын, сондай-ақ заңсыз қызметті растайтын құжаттар мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", - дейді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Алдын ала мәліметке сәйкес, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру нәтижесінде қоршаған ортаға елеулі залал келтірілген. Атап айтқанда, топырақ жамылғысы бұзылып, табиғи ландшафт өзгерген.

Мамандар экологиялық залалдың нақты мөлшерін анықтауға кірісті. Қылмыстық іс қозғалды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью