Шығыс Қазақстанда жаңғыртудан өткен алғашқы теміржол вокзалдары пайдалануға берілді

01.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Көлік министрлігі

Жаңғырту барысында вокзал ғимараттарының қасбеттері мен ішкі бөлмелері толық жөнделіп, инженерлік желілер жаңартылды. Сонымен қатар жолаушылар платформалары мен вокзал маңындағы аумақ абаттандырылып, заманауи жабдықтар мен жаңа жиһаз орнатылды.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын «Финтек-Астана» ЖШС мен «QK SUNQAR» ЖШС жүргізген. Жаңғырту нәтижесінде Риддер вокзалының жалпы ауданы 471 шаршы метрге, ал Шемонаиха вокзалының ауданы 230 шаршы метрге жетті.

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында бағдарлама аясында бес теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр. Оның екеуі – Риддер мен Шемонаиха вокзалдары пайдалануға берілді.

«Риддер мен Шемонаиха вокзалдары өңірдің маңызды көлік инфрақұрылымы нысандарының бірі саналады. Оларды жаңғырту тұрғындар мен жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын арттырып, өңірдің көлік жүйесін дамытуға ықпал етеді. Елімізде теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жоспарға сәйкес, биылғы 1 шілдеге дейін республика бойынша 30 жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға беріледі», делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, елімізде соңғы жылдары 650-ден астам жолаушылар вагоны жаңартылған. 2030 жылға қарай министрлік жолаушылар паркін жаңарту деңгейін 90%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью