Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен азамат табылды

04.04.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында жоғалып кеткен 1965 жылы туған ер адамды іздестіру жұмысы сәтті аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ақбұлақ ауылдық округінде жүргізілген іздеу жұмыстарына ТЖД мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мал бағу үшін шаруа қожалығынан жылқымен шығып, белгіленген уақытта қайтып оралмаған. Осыған байланысты ауқымды іздестіру шаралары ұйымдастырылды.

Іздестіру жұмыстары түні бойы жалғасып, нәтижесінде азамат Маубас пен Доғалбай фермаларының арасынан табылды.

Абырой болғанда, ол зардап шекпеген және медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью