Шығыс Қазақстанда жол апатынан бес адам қайтыс болды

05.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының "Өскемен – Риддер" тас жолында жол апаты болып, салдарынан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Оқиға 4 қараша күні "Өскемен – Риддер" тас жолының 48-ші шақырымында болған.

"ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima автокөлігін соқтығысқан. Оқиға салдарынан 5 адам жан тапсырып, 1 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді ведомстводағылар.

Қаза тапқандардың жеке басы мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауды, ауа райы жағдайларын және техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью