Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, осы жылдың басынан өңір бойынша жіті респираторлық вирустық инфекцияның 52 008 жағдайы тіркелді.
Ауырғандардың жартысынан астамы - 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың саны 30 233 адамды құрайды.
- Жыл басынан бері зертханалық жолмен расталған тұмау жағдайлары тіркелген жоқ. Зертханалық талдаулар нәтижесінде анықталған басқа вирустардың ішінде ең көп тарағаны — риновирус (28 жағдай). Одан кейін коронавирус - 16, респираторлық-синцитиалдық вирус - 11, аденовирус - 10, метапневмовирус - 5 және бокавирус - 1 жағдай, - делінген ақпаратта.
Мамандар ЖРВИ мен тұмаудың негізгі белгілеріне жоғары температура, жалпы әлсіздік, тамақтың ауыруы және мұрынның бітелуі жататындығын еске салды. Аурудың алдын алу үшін бөлмені жиі желдетіп, қолды мұқият жуып, антисептик құралдарын қолдану қажет.
Еске салсақ, осыған дейін алматылықтар арасындағы аллергияның негізгі себептері аталғаны жайлы жазғанбыз.