Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде туризмді дамыту картасына сәйкес туристік орындарға интернет тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінде 9 туристік нысанға әлі интернет тартылмаған. 24 нысанда интернет қолжетімді. Оның ішіндегі 17-сіне интернетті ұялы байланыс операторлары қамтамасыз етіп отыр. Бірақ жаз кезінде демалушылар саны көп болғанда ол желілердің жеткіліксіздігіне байланысты жылдамдық шектеледі. Әсіресе Сібе көлдерінде интернет жылдамдығы баяу болады.
Катонқарағай ұлттық паркі, Батыс Алтай табиғи қорығы, Шыбындыкөл, Қиын-Керіш шатқалы, Дубығалы көлі сынды демалыс орындарында интернет тартылмай келеді.
— Starlink терминалдарын орнату арқылы осы туристік аймақтарды интернетпен қамтамасыз етуді жоспарланып отыр. Терминалдарды қабылдап, қосылу үшін ақы төлей алатын туристік операторлардың тізімі жасалды, — делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін Қостанай облысындағы тасжолдар мобильді интернетпен қамтылатындығы хабарланған.