Шығыс Қазақстандағы асуда қыстың аяғына дейін шектеу енгізіледі

04.11.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Уақытша шектеу ертең, 5 қараша күні сағат 08:00-ден бастап тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктерге қатысты болады.

"Бұл шара Осинов асуындағы күрделі тау жағдайларына байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр. Шектеу республикалық маңызы бар "Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 46–66 шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы аралығы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанға дейін енгізіледі", - делінген ресми хабарламада.

Осыған байланысты көлік жүргізушілері қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап отыруы қажет.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью