Шығыс шақырады

21.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жалпы Шығыс Қазақстан облы­сында былтырғы 12 айда халық­тың көші-қоны бойынша 4 323 мың адамдық теріс сальдо қалыптасты. Яғни, келушілерден кетушілер басым болды деген сөз. Облыс ішінде де урбанизация про­­цестері байқалып отыр. 5 мыңнан астам адам тұрғылықты жері­нен қалаға көшті. Бұл жағдай шек­­ара маңындағы аудандарға ерек­ше назар аударуды қажет ете­ді. Атал­ған аудандардан халықтың көшіп кетуін тоқтату үшін бірқа­тар шара қабылдап, жүзеге асы­р­ыл­ып жа­тыр. Мұндай шаралар­дың қа­тар­ы­на оңтүстіктен сол­түс­тікке халық­ты көшіру бағдар­ла­масы кіреді. Сонымен қатар облыста қа­был­данып, жұмыс іс­теп тұрған өңірлік «Шығыс ша­қы­ра­ды» бағ­дарламасы да аталған стра­тегия­лық мақсатпен үйлесе­тін бастама. 

Статистикалық деректерге көз жүгіртсек, 2017-2025 жылдар аралығында облысқа 2 209 отбасы, яғни 6 290 адам көш­іп келді. Олардың 3 320-ы елі­міздің өзге өңірлерінен қоныс аударушылар болса, 2 440-ы – шет­ел­дерден көшіп келген қан­дастарымыз. Соның ішінде 1 784 адам немесе 570 отбасы Қытай Ха­лық Республикасымен шек­-ара­лас аудандарға қоныстанды. Шыр­айлы Шығысқа келген аза­мат­тардың көбі еңбек етіп, тұр­мыс­тарын түзеп, аймақтың даму­ы­на үлес қосып жатыр. Де­генмен қоныс аударған азаматтар­дың 20%-ы әртүрлі себептермен шық­қан өңірлеріне қайта оралды. 

2025 жылға 641 адамды қабыл­дауға квота бекітілді, оның ішінде 269 қандасты, жұмыс күші артық өңірлерден 372 қоныс аудару­шыны қабылдау жоспарланған болатын.

Жыл қорытындысы бойынша, облысымызға 794 адам көшіп кел­ді. Олардың 269-ы қандас болса, 525-і – қоныс аударушы. Облысқа көшіп келген азаматтар ішінде жоғары білімді 82 адам, арнаулы орта білімді 110 адам, орта білімді 143 адам бар. Еңбекке жарамды 335 азаматтың 195-і жұмысқа орна­ластырылды. Бұл – қоныс аудару­шылардың ішіндегі еңбекке қабілетті азаматтардың 58%-ы.

2025 жылы көші-қон, тұрғын үйді жалға алу шығындарын өтеу және экономикалық ұтқырлық сертификаттарын қоса алғанда, жалпы сомасы 496 млн теңгеге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. 

2025-2029 жылдар аралығында еңбек нарығының кадрларға де­ген қажеттілігі 15 мыңнан астам адам­ды құрайды. Биыл облыста құры­лыс, электр қуатымен қамта­масыз ету, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу, білім беру, өңдеу өнеркәсібі, денсаулық сақ­тау, көлік және қойма, әлеуметтік қамсыздандыру тәрізді эконо­ми­каның басым секторларына 4 мың жұмыс күші қажет болып отыр.

Бұл ретте еңбек нарығының қажеттілігін ескере отыр­ып, ерікті қоныс аударуды ынта­ландыру, кәсіпкерлікті дамыту және шекара шебіндегі аудан­дардың жастарын кәсіби тұрғыда даярлау, халық санын көбейту мақсатында бірқатар жұмыс жүр­гізілді. Осыған орай, қоныс аудару бағдарламасына қатысушылардың ішінде қаладан ауылға көшіп кел­ген отбасылардың кәсіпкерлік бас­та­маларын жандандыру мақса­тында жергілікті бюджеттен қай­тарымсыз гранттар беру ұсын­ылады. 

Бұл гранттар жол бойындағы сервиске, туризмге, қонақүй шар­уа­­шылығына, өндірістік қыз­мет­ке байланысты бизнесті ашуға беріл­мек. 2026 жылы 65 млн тең­ге­­ге 20 грант беруге мүмкіндік бар. 

Шекара маңындағы аудан­дар­да білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы және нақты сек­тор­дағы бос жұмыс орындарына жоғары білікті кадрларды тарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл ретте тұрғын үй сатып алуға жеңіл­детілген пайыз мөлшер­ле­мемен ипотекалық несие беруді көздейтін «Шығыс маманы» пи­лот­тық жобасы енгізілді. Пилот­тық жоба шеңберінде несиелеу мерзімі 120 айға дейін, ипотекалық қарыз жылдық 5% мөлшерле­ме­мен белгіленді. Бастапқы жарна ретінде 7 млн теңгеге экономи­ка­лық мобильдік ұтқырлық серти­фикаты беріледі. Бүгінде пилот­тық жобаға жергілікті бюджеттен 100 млн тенге қарастырылған.

Ауылға көшіп келушілерге бұрын қолданыста болған үйлерді қайта жөндеп, оларды сатып алуға жағдай жасау қажет. Осыған байла­­н­ысты бағдарлама негізінде «Құтты өңір» жобасы ұсынылды. Жоба шеңберінде ауылдағы бос үйлерді бюджеттен тыс қаражат есебінен жөндеп, көшіп келуші­лерге сатуға әзірлеу көзделген.

Жоба жергілікті кәсіп­кер­лердің қолдауымен жүз­е­ге асырылып жатыр. Бүгінде ат­ал­ған жоба Марқакөл ауданында қарқынды іске асырылып келеді. Бауыржан Жауғашаров есімді кә­сіп­кердің қолдауымен 5 үй қайта жөндеуден өткізіліп, көшіп келген отбасыларға берілді. 

Ауылдардан, әсіресе шекара маңындағы аудандардан халық­тың көшіп кету мәселесін шешу мақса­тын­дағы тағы бір бастама – мектеп түлектерін жоғары білім алған­нан кейін туған ауылына қайта оралып, жұмысқа тұру­лар­ына ынталандыру. Білім саласын айтар болсақ, облыс бойынша 344 шағын мектеп бар, оның ішінде шекара маңындағы аудан­дарда 95 мектеп орналасқан. Бұл облыс­тағы шағын мектептердің жалпы санының 28%-ын құрайды.

Шекаралас аудандардағы 57 мектепте оқушылар саны жеткі­ліксіз болып тұр, бұл болашақта мектеп мәртебесінің төмендеуіне және халықтың көшіп кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Осыған байланысты, ауыл мектептерінің жастары қатарынан жоғары оқу орын­дарында сұранысқа ие ма­маң­­д­арды даярлау үшін білім беру гранттарын бөлу жөніндегі жоба әзірленді. Жоба аясында әр грант алушыға 800 АЕК көлемінде қар­жы қарастырылған. Қойылатын басты талап – оқуды аяқтағаннан кейін ауылда 5 жыл жұмыс істеу. Осы жобамен қатар «Дипломмен ауыл­ға» және «Серпін» бағдарла­малары іске асырылады. 

Жергілікті бюджет тарапынан қарастырылған көмектен басқа қосымша республика көлемінде де оңтүстіктен солтүстікке көш­кен азаматтарға қолдау шаралары да бар. Ең бастысы, ол – 7 млн теңге көлемінде қарастырылған баспана сатып алуға арналған сертификат. Жол шығындарын өтеуге отбасы мүшесінің әрқай­сысына 70 АЕК мөлшерінде (302 750 теңге) қаржы көзделген. Бас­пана алмай, жалдап тұрушы­ларға 12 ай көлемінде суб­сидия қарас­тырылған. Отбасы санына байла­нысты қалаларда 20 АЕК ауыл­дарда 15 АЕК көлемінде қаржы беріледі. 

2026 жылы өңірге 800 адамды, оның ішінде 200 қандас және 600 қоныс аударушыны қоныс­тан­дыру жоспарланып отыр. Қоныс аударушыларды бейімдеу про­цес­терін цифрландыру – негізгі ба­ғыт­тың бірі. Облыста қоныс аударушылар мен қандастарды бейімдеу және интеграциялау бойын­ша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру туралы шарт аясында тиісті шаралар қа­былданып жатыр. Жұмыстың орын­­далу барысы FSMSocial мо­биль­ді қосымшасында көрсе­тіледі. Облысқа келген қоныс аудару­шылар мен қандастардың жеке деректерін мобильді қосым­шаның базасына енгізу, көрсе­тілген қызметтер бойынша фото және бейнефиксациямен есеп жүргізу, әрбір көрсетілген қыз­мет­ке қатысты растайтын құжат­тарды жүктеу бағытында күн сайын жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Әр отбасымен жеке жұмыс жүргізіліп, көрсетілуге тиіс қа­жетті қызмет түрлері анықталады. Сонымен қатар қоныс аударушы­лар мен қандастарды цифрлан­дыру жұмыстары қолға алынған. 

Қоныс аударушылардың жұ­мыспен қамтылуын және еңбек қызметін бақылауға, жұмыс беру­шілермен өзара іс-қимыл жасауға, туындайтын әлеуметтік-тұрмыс­тық мәселелерді шешуге ерекше назар аударылады. Қоныс аудару­шыларға жан-жақты қолдау көр­се­тіледі, оның ішінде жұмысқа орналасуға көмек көрсету, әлеу­меттік төлемдерді алу, тұрғын үймен қамтамасыз ету және мем­лекеттік қолдаудың басқа да шара­лары бойынша консуль­та­циялық көмек беріледі. Қысқасы, «Шығыс шақырады» бағдар­ла­масы – Төр Алтай аймағына қоныс тебуге ниеттенген отандас­тарымыз бен қандастарға зор мүмкіндік беретін бастама. 

А.СҰЛТАН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью