Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Екі күн бойы сәндік-қолданбалы өнер, дизайн және авторлық шығармашылық бағытында шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Жәрмеңке барысында балаларға арналған «Samga» театры Абайдың «Болыс болдым, мінекей» шығармасы желісімен құрылған спектаклін сахналады. Келушілер арасында Шығыс Қазақстан облысының ең көрікті туристік бағыттарының бірі бойынша екі адамға арналған жолдама ойнатылды.
Жәрмеңкеге 1 500-ге жуық адам келді. Шығыс Қазақстан облысының креаторлары 3,8 млн теңгенің өнімін сатты. Келушілерге керамика, тоқыма бұйымдары, интерьер заттары, кескіндеме туындылары, ағаш пен былғарыдан жасалған қолөнер бұйымдары және кәдесый өнімдері ұсынылды.
«Creative Aimaq» жобасы өңірлердегі креативті индус-трияларды дамытуға, жергілікті авторларды қолдауға және олардың өнімдерін нарыққа шығаруға бағытталған.
Бүгінде жоба аясында алты өңірлік креативті жәрмеңке ұйымдастырылды. Оларға 16 мыңға жуық адам қатысып, креаторлардың өнімдерін сатудан түскен жалпы табыс 25,3 млн теңгеден асты.