Шылым сұрағаны үшін пойыз бастығын өлтірген ақтөбелік бас бостандығынан айырылды

03.12.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында пойыз бастығының өліміне қатысты істің үкімі шықты. Сотталушы бұған дейін де қарақшылық, ұрлық жасағаны үшін сотталған. Биыл ғана № 2 Ақтөбе қалалық сотының үкімімен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу, кейін Ақтөбе облыстық сот алқасының қаулысымен 3 жылға бас бостандығынан айырылған.

— Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы бойынша сотқа түсті. Сотталушы айыпты деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 60-бабын негізге алып, өтелмеген жазаның бір бөлігін қосып түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны өтеу орны — қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесі. Жәбірленушінің азаматтық талап арызы ішінара қанағаттандырылып, моральдық шығын ретінде 10 млн теңге, өкілдің шығыны ретінде 800 мың теңге өндірілсін, — деді судья Ж.Сейітжапаров.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Сот Алқа билердің қатысуымен өтті. Судья Ақтөбе облыстық полиция департаментіне жеке қаулы шығарды. Себебі сотталушы Ақтөбе облыстық сот алқасының қаулысымен бас бостандығынан айырылған.

Еске салсақ, жаз айында жолаушылар пойызының Ақтөбе учаскесіндегі бастығын қаланың ескі бөлігінде өлтіріп кетті. Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні бірден ұстады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью