Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Курорт қызметкерлері барлық аспалы жолды резервтік қуатқа ауыстырып, қонақтарды станцияларға жеткізген. Қазіргі уақытта негізгі – «Медеу – Шымбұлақ» аспалы жолы штаттық режимде қайта жұмыс істеп тұр. Ал «Комби-1» және «Комби-2» аспалы жолдары уақытша резервтік қуатқа қосылды.
– Ауа райының қолайсыздығына байланысты күні бойы «Медеу – Шымбұлак» жолына ағаш құлап, қозғалыс уақытша тоқтады. Қазір автокөлік жолы толық ашылды. Желдің екпіні бірнеше аспалы жол кабинасына зақым келтірді, техникалық қызмет мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлады курорттың баспасөз қызметі.
Қонақтар «Медеу – Шымбұлақ» аспалы жолы арқылы түсіріліп жатыр. Жараланғандар немесе қаза тапқандар жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Шымбұлаққа апаратын жолға шырша құлап, қозғалыс уақытша шектелгенін жазғанбыз.
Желдің екпіні аспалы жолды да қатты тербетіп, куәгерлердің зәресін ұшырған.