Шымбұлақтағы түтін мен қолқаны қабатын иіс Алматы тұрғындары гидрологтар станциясына шағымданды

18.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алматы тұрғыны Шымбұлақтағы гидрологиялық бекет ғимаратынан шыққан түтін мен резеңке иісіне шағымданды. "Қазгидромет" ер адамның шағымына жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғыны Шымбұлақтағы гидрологиялық бекет ғимаратынан шыққан түтін мен резеңке иісіне шағымданды. "Қазгидромет" ер адамның шағымына жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Әлеуметтік желілерде гидрологиялық бекет ғимараты түсірілген видео жарияланды, кадрлардан нысан мұржасынан ақ түтін шығып жатқанын көруге болады. Видео авторы айналада резеңкенің ащы иісі сезілетінін айтады.

Анықтама: Гидрологиялық бекет - бұл өзендердің, көлдердің және басқа да су нысандарының жай-күйін бақылайтын арнайы пункт. Мұндай бекеттерде су тасқынын бақылау және су нысандарының жағдайын тексеру үшін су деңгейі, ағыс жылдамдығы, температура және басқа да көрсеткіштер өлшенеді.

"Моншаны резеңкемен жағып жатыр, бүкіл Шымбұлақ сасып кетті", - деп жазды ол.

Айтуынша, ол бұл кадрларды 17 мамырда түсірген.

"Қазгидромет" жауабы

Кәсіпорынның ақпараты бойынша, кадрларда "Медеу" бөгетінен жоғары, Шымбұлаққа жақын орналасқан гидрологиялық бекет бейнеленген. Нысан су деңгейі мен шығынын, сондай-ақ өзен ағысын жыл бойы күнделікті бақылап отырады.

"Қазгидромет" өкілдері бақылаушылар бекетте тұрақты тұратынын және өзен учаскесінің жай-күйін қадағалайтынын атап өтті. Гидробекет теңіз деңгейінен 1924 метрден аса биіктікте, жетуі қиын жерде орналасқандықтан, оған газ желілері тартылмаған.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың қарындасымен “хайп“ жасады деген айыптауларға қатысты соттасты

12 мамыр 13:53 1

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

27 сәуір 20:44 1

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

"Қыста бекет қатты отынмен жылытылады. Бақылаушы моншаны отынмен жаққан, оған ақ түтін дәлел болады. Егер резеңке пайдаланылса, түтін өзіне тән қара түсті болар еді", - деп түсіндірді Алматы мен Алматы облысы бойынша "Қазгидромет" РМК өкілдері.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью