Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Шымкентте жыл басынан бері бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғандарға 52 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Соның ішінде «Шымкент әуежайы» АҚ авиаотын нарығында монополиялық жоғары баға белгілегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: istockphoto.com
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті биыл 7 тергеп-тексеру шарасын жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша, Шымкент әуежайының авиаотынды сату қызметінде заң бұзушылықтар анықталды. Әуежай әдейі жоғары баға қою арқылы негізсіз табыс тапқан. Істе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болғандықтан, барлық материалдар Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданған.
Сонымен қатар «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының (ӘКК) да заңсыз әрекеттері әшкереленді. Анықталғандай, ӘКК «Казсбытгрупп» ЖШС-мен келісімшарт жасасып, қаланың индустриялық аймақтарын энергиямен қамтудан түскен табыстың 50%-дан астамын өз пайдасына алып отырған. Бұл әрекеті арқылы нарыққа басқа субъектілердің кіруіне кедергі келтіріп, бәсекелестікті шектеген. Нәтижесінде корпорацияға 14 млн теңгеден астам айыппұл салынып, бюджетке толық өндірілген.
Жалпы департамент өндірген айыппұлдардың сомасы бүгінде 36 млн теңгеден асты.
Соңғы жаңалықтар
Жасөспірімдер жүктілігі жанға батады
Қоғам • Бүгін, 08:23
«TALIS»: білім үдерісінің қарқыны қандай?
Білім • Бүгін, 08:20
Платформа арқылы оқыған тиімді
Қоғам • Бүгін, 08:18
Руханият • Бүгін, 08:15
Қоғам • Бүгін, 08:13
Абай • Бүгін, 08:10
Аймақтар • Бүгін, 08:07
Қабылаш ӘБІКЕЙҰЛЫ: Атажұртта өнерімді алғаш бағалаған Сәбит Мұқанов еді
Сұхбат • Бүгін, 08:05
Қоғам • Бүгін, 08:03
Спорт • Бүгін, 08:00
Спорт • Бүгін, 07:55
Қоғам • Бүгін, 07:53
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50
Спорт • Бүгін, 07:48
Едіге ЕМБЕРДІ: Арманым – Олимпиада алтыны!
Спорт • Бүгін, 07:42