​Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын 12 млн тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр

27.02.2026

Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Сурет: ҚМГ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов CNODC компаниясының (CNPC еншілес ұйымы) президенті Чэн Хуайлунмен кездесті.

Кездесуде бірлескен стратегиялық жобаларды іске асыру барысы қаралды. Атап айтқанда, тараптар Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыру мәселесін талқылады. Бұған дейін хабарланғандай, бұл инвестициялық жобаның қазақстандық нарықта мұнай өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуде маңызы зор.

Бүгінде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстары басталды. ҚМГ басшысы жобаны іске асырудың белгіленген мерзімдерін қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ кездесуде Ақтөбе облысында газ-химия кешенін салу жобасы сөз болды. Кешен жылына 880 мың тоннаға дейін карбамид және 80 мың тоннаға дейін метанол өндіретін болады. Карбамид жобасы агроөнеркәсіп кешенінің дамуына серпін беріп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайта түседі. Инвестицияның жалпы көлемі $1,25 млрд деңгейінде бағаланып отыр.

Тараптар бірлескен кәсіпорын құру бойынша қажетті рәсімдерді аяқтау кезеңінде. Осыдан кейін жобалық-сметалық құжаттаманы (FEED) әзірлеуге кіріседі. Бұған дейін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалған болатын.

Бүгін, 09:47

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью