Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді. Түркістан облысында жерасты дүмпулері 2 балл күшінде сезілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді. Түркістан облысында жерасты дүмпулері 2 балл күшінде сезілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы 3 қарашаға қараған түні ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстанның ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылдың 3 қарашасында Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісін тіркеді", – делінген хабарламада.
Эпицентр Алматыдан 1079 шақырым оңтүстік-батыста, Ауғанстан аумағында орналасқаны нақтыланды. Тереңдігі – 120 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14,2. MPV магнитудасы – 6,2.
Түркістан облысында жер сілкінісінің есептік қарқындылығы (баллмен):
Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті – 2 балл, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл, Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл.Кейін ТЖМ Шымкентте де жерасты дүмпулері 2 балл деңгейінде сезілгенін хабарлады.
Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер мен қирау туралы деректер түскен жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!