Шымкент тұрғыны 12 қабатты ғимараттың шатырында көлігімен қауіпті маневр жасады

15.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 14 қараша - Sputnik. Шымкентте қала тұрғыны көпқабатты ғимараттың шатырында көлігімен қауіпті қозғалыс жасаған, деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаменті.

Тұрғын көлікті он екі қабатты ғимараттың төбесіне көтеріп, қауіпті маневрлер жасаған.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Заңды өрескел бұзған жүргізуші ұсталды.

"Тексеру нәтижелері бойынша заң бұзған ер адам 10 тәулікке қамауға алынып, көлік айыппұл тұрағына қойылды. Мұндай ерсі қылықтар тікелей қайғылы жағдайға әкеп соғады", - дейді ведомстводағылар.

Әлеуметтік желіде танымал болу үшін жасалған мұндай әрекеттер заң бойынша қатаң және дереу тоқтатылады, деп ескертті полицейлер.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью