Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Шымкентте ұлы әкесіне бүйрегін берді, деп хабарлайды қалалық денсаулық басқармасы.
248-ші бүйрек трансплантациясы №1 қалалық клиникалық ауруханада жасалды.
"Бұл жолы ұлы әкесіне донор болып, бүйрегін беру арқылы оның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік жасады", - деп жазылған хабарламада.
Реципиент 2024 жылдан бері созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. 2025 жылдан бастап гемодиализге тәуелді болған.
Донор мен реципиенттің медициналық көрсеткіштері сәйкес келіп, трансплантация отасы сәтті өтті. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.
Айта кетері, бүгінгі күнге дейін қалада 35 бауыр және 248 бүйрек трансплантациясы жасалған.